Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтаған кезде Қазақ радиосының 100 жылдығын мерекелеу аясында 1 қазанды Радио қызметкерлері күні деп жариялауды ұсынған еді.
Радио қызметкерлерінің кәсіби күні отандық радионы одан әрі дамытуға қосымша ынталандыру болады деп болжанып отыр, — делінген жазбада.
Еске салайық, Қазақстанда радиохабар тарату тарихы 1921 жылдың қазан айында басталды.