Басты бетҚоғамШымкенттік полицейлер...

Шымкенттік полицейлер 100 адам жиналған ұзату тойды тоқтатты

Еңбекші аудандық полиция басқармасының қызметкерлері аудан аумағында орналасқан тойхана карантин талаптарын бұзып, дүйсенбі күні сағат 12.54-те 100 адамнан асатын қонақ шақырылған қыз ұзату тойын өткізіп жатқанын анықтады.

Сонымен қатар қызметкерлер келушілердің дене қызуын тексермей кіргізіп, оларға маскасыз қызмет көрсеткені де белгілі болды.

той, карантин
Фото: Polisia.kz

Аталған жайт бойынша жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сонымен бірге гигиена нормативтерiн бұзу) шара қолдану үшін Шымкент санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.