Басты бетМедицинаЕлімізде коронавирус...

Елімізде коронавирус пен пневмониядан тағы 127 адам қайтыс болды

11 тамызда коронавирус жұқтырған 105, пневмониямен ауырған 22 науқас өлген.

Қайғылы деректің көбі Алматыда тіркелген. Мұнда коронавирустан 19, пневмониядан 2 науқас қайтыс болған.

3 тамыздағы мәлімет бойынша 115 211 адам коронавирус инфекциясынан (110 831 КВИ+ және 4 380 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

  • 31 157 пациент стационарда;
  • 84 054 науқас амбулатория деңгейінде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 1 934 адамның жағдайы ауыр;
  • 472 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 230 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.