Басты бетМедицинаАлматыда ағасы...

Алматыда ағасы мен қарындасы вакцинация паспорттарын қолдан жасаған

«Біздің назарымызға бірінші болып 22 жастағы А.есімді азамат түсті, ол алаяқтықтың барлық бөлігін ұйымдастырған: клиенттерді тапты, келіссөздер жүргізді, төлемді электрон аударымдар арқылы қабылдады. Содан кейін техникалық жағын жүзеге асыру үшін қаладағы емханалардың бірінде медбике болып жұмыс істейтін әпкесін қосты. 25 жастағы М.есімді азаматша өз кезегінде коронавирусқа қарсы егілгендердің мәліметтер базасына «клиенттердің» деректерін енгізді. Біз іс жүргізу тәртібімен М.есімді азаматшаның жұмыс орнында рұқсатты іздеу жүргіздік. ҚР ҚК-нің 385-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелген қылмыстық іс материалдарына, кеңсе техникасын және профилактикалық егулерді тіркеу құжаттамасын тіркедік және тәркіледік, — деді Алматы полиция департаменті Криминал полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Екі айыпталушы да қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Тергеуді Алматы полиция департаменті Анықтау басқармасы жүргізіп жатыр.