14 тамыз күні Момышұлы көшесіндегі «Керемет» деген мейрамханада той болғалы жатыр. Эпидемиология ахуалына байланысты мемлекеттік орган тарапынан тойды өткізбеуге бола ма дегенім ғой, — деді тұрғын Akimat live бағдарламасы эфирінде.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев той өткізгелі жатқан мейрамханаға дереу мониторинг тобын жіберетінін айтты.
Жақсы, мағлұматыңызға рақмет. Біздің мониторинг топ қазір барып, 14-іне қандай той болайын деп жатқанын, кім өткізейін деп жатқанын анықтайды, — деді Бақытжан Сағынтаев.
Алайда мониторинг тобы 14 тамызда «Керемет» мейрамханасыда қандай той өтетінін, кім өткізгелі жатқанын әлі анықтамаған. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметінен білдік.
Посмотреть эту публикацию в Instagram