Вячеслав Сон — «Бәйтерек» холдингінің жаңа басқарушы директоры

Вячеслав Сонның заң саласындағы 12 жылдық басқарушылық жұмыс өтілі бар. Еңбек қызметін ол 2002 жылы «Қазақстан Даму банкі» АҚ тобында бағалы қағаздармен жұмысты құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің заңгері лауазымынан бастап, Заң департаментінің директорына дейін көтерілген. Одан кейін «Тау-кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ басқарушы директоры, ҚР Қорғаныс министрлігінің «Қазарнаулыэкспорт» РМК бас директорының орынбасары қызметтерін атқарған. 2013 жылдан бастап «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Аудит және бақылау департаментінің директоры лауазымын атқаруда.

Вячеслав Сон Қазақ Гуманитарлық Заң Университетін (құқықтану), Заманауи Гуманитарлық Университетін (лингвистика), сондай-ақ Халықаралық бизнес университетін (МВА, қаржы және кредит) аяқтаған.

 

 

Дереккөзbaq.kz