Қазақстан азаматтарының орташа зейнетақысы қанша?

2021 жылдың қаңтар-шілде айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 478, 9 миллиард теңгеден астам қаржы, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне 1 083 миллиард теңге бөлінген.

2021 жылдың шілде айында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 222,2 миллиард теңге, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 68,1 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 154,1 миллиард теңге бөлінді, — деліген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

2021 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны — 2 миллион 238 мың адам.

Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (оның ішінде базалық зейнетақыны қосқанда) 2021 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша — 99 921 теңге.

Еске салайық, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әр алушыға оның зейнетақы жүйесіндегі тәжірибесін ескере отырып, жеке тағайындалады.