Samsung алдын ала тапсырыс арқылы сатып алушыларға дәстүр бойынша керемет сыйлықтар дайындады: стильді қап + SmartTag іздеуге арналған белгісі мен Samsung Care + қызметі аясында жыл бойы экранды қорғау.  Trade-in бағдарламасына қатысушылар 500 мың теңгеге дейін жеңілдік пен жыл бойына экранды қорғауды сыйлыққа алады.

Z Fold3 — өнімділігі жоғары жұмыс пен ойын – сауық үшін мінсіз құрылғыны іздейтіндерге арналған. Оның S Pen-ді қолдайтын 7,6 дюймдік Infinity Flex Display дисплейі бар, яғни бұл жиналмалы экранда стилустың сүйікті мүмкіндіктерін пайдалануға болатындығын білдіреді. Негізгі және сыртқы экрандағы Super Smooth 120 Гц адаптивті жаңарту жиілігінің арқасында экранды бірқалыпты айналдырудан және телефонмен жылдам әрекеттесуден ләззат алыңыз.

Samsung Galaxy Z
Galaxy Z Flip3

Z Fold3, Galaxy Z Fold2-ге қарағанда жұқа және жеңіл дизайнға ие,  ол үш түсте қол жетімді, олар қара, жасыл және күміс түстер.

Z Fold3 және Z Flip3 ipx8 стандарты бойынша ылғалдан қорғалып, Corning® Gorilla® Glass Victus™ең берік алюминийден және шыныдан жасалған. Екі смартфонда да негізгі дисплейінде инновациялық созылатын қорғаныс үлдірі бар, соның арқасында экран бұрынғыдан 80% берік бола түсті.

Z Fold3 дисплейдің астында орнатылған камераның жаңа технологиясымен жабдықталған: камераның орынындағы пиксель минимумының арқасында Z Fold3 сіздің қосымшаларыңыз үшін тұтас орынды қамтамасыз етеді. Экран түстері 29% анық бола түсті және энергияны үнемдейтін болды!

Samsung Galaxy Z
Galaxy Z Fold3

Z Flip3 иелері батыл түсті шешімдер, талғампаз дизайн, премиум мүмкіндіктер, сақиналар мен баулары бар жаңа стильді телефон қаптары арқылы өздерінің «даралығын» көрсете алады. Камераның соңғы мүмкіндіктерінің арқасында пайдаланушылар Flex режимінде қолдың көмегінсіз керемет селфи жасап, сыртқы экраннан жылдам фотосуреттер мен бейнелер түсіре алады.

Galaxy Z сериясында жиналмалы экранның артықшылықтарын толық пайдаланатын және  көпқызметтілік режимінде бір мезгілде қолдануға болатын көптеген қосымшалар пайда болды. Samsung жиналмалы құрылғыларға бейімделген қосымшаларды көбірек ұсыну үшін жетекші IT-компаниялармен, соның ішінде Google және Microsoft-пен серіктестікті кеңейтеді.

Galaxy сымсыз құлаққаптарының отбасы күні бойы құлаққа тағып жүргенге ыңғайлы жаңа Galaxy Buds2-мен толықтырылды. Екі жақты динамиктер таза жоғары ноталар мен терең бассты қамтамасыз етеді, ал белсенді шуды азайту функциясы сыртқы шуды 98% дейін төмендетеді.Сөйлесу кезінде сіздің дауысыңыздың айқынырақ естілуі фондық шуды азайтатын жаңа AI шешімінің арқасында мүмкін болды. Galaxy экожүйесіне кіретін Buds2,  смартфоныңызға, планшетіңізге немесе Galaxy смарт-сағатына тамаша серік болатыны анық.