Басты бетБілімМагистратура бойынша...

Магистратура бойынша гранттар тағайындау конкурсына құжат қабылдау басталды

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаевтың айтуына қарағанда, магистратураға білім беру грантын тағайындау конкурсы 16-20 тамыз аралығында өтеді.

Құжаттарды тапсыру кезінде оқуға түсуші білім беру бағдарламаларының бір тобын және үш жоғары оқу орнын көрсетеді. Магистратураға білім беру грантын тағайындау конкурсы 16-20 тамыз аралығында өтеді. Жалпы 2021-2022 оқу жылына магистратура бойынша 13 мыңнан астам грант бөлінді. Гранттардың ең көп саны педагогикалық мамандықтар үшін қарастырылған — 3642. Инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына 3429 грант, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика — 1278, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар — 1233, ауыл шаруашылығы мен биоресурстар — 527 грант бөлінді, — деді Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

Еске салайық, білім беру гранттары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, сонымен бірге жұмыс берушілердің кадрларға қажеттілігі бойынша деректері негізінде бөлінген.

Білім гранты иегерлерінің тізімі Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланады.

Магистратурада оқуға арналған білім беру гранттары кешенді тестілеу нәтижелері бойынша конкурс негізінде беріледі. Кешенді тестілеуге барлығы 36 965 адам қатысты.