Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.
Алматыда, Шымкентте, Ақтөбеде, Павлодарда және Таразда жедел-іздестіру шаралары кезінде жалған вакцинация паспортын заңсыз сатумен айналысқан медицина қызметкерлері мен басқа да адамдар анықталды, — деді Қаржы мониторингі агенттігінің өкілі.
Жалған вакцинация паспорты 5 мың теңгеден 30 мың теңгеге дейін сатылған.
Қылмыстық кодекстің 385-бабында көзделген қылмыстық құқықбұзушылық құрамының белгілері бойынша, яғни құжаттарды қолдан жасау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуі басталды. Жалған вакцинация паспортын алған 37 азамат және жалған құжат жасаған 12 тұрғын, оның ішінде 8 медицина қызметкері анықталды, — деді агенттік қызметкері.