Жекешелендіру аясында республика бюджетіне 5 509 млн теңге түсті

Сату кестесіне сәйкес, 2014-2016 жылы 833 нысанды сату жоспарланған. 2014 жыл мен 2016 жылдың қаңтар айына дейін 491 нысан жария етіліп, 2016 жылдың 5 қаңтарындағы мәлімет бойынша, 491-і сатылымға қойылды. Оның 239-ы сатылды.

Сонымен жекешелендірілген нысандар аясында республика бюджетіне 5 509 млн, облыс бюджетіне 2 937 млн, холдингтерге 67 261 млн, ауылшаруашылық өндіріс ұжымдарына 2 956 млн теңге қаржы түсті.

Министрліктің кестесіне сәйкес, 2014-2016 жылы сатылатын нысандардың саны — 41. Ал 2014 жыл мен 2016 жылдың қаңтар айының бесіне дейін 28 нысан жария етіліп, 15-і сатылды.

Коммуналдық меншік бойынша сатылатын нысандар саны — 491. Ал 2014-2016 жылдың 5 қаңтарына дейін 243 нысан жария етіліп, саудаға 221-і қойылды. Оның ішінде 114 нысан сатылған.

Дереккөз7kun.kz