Ревакцинацияны жоспарлап отырмыз. Қазір әдісті нақтылап жатырмыз. Ревакцинацияның екі түрі бар. 60-70 проценттік қоғамдық иммунитетке жеткенше салынатын жедел түрі бар. Жоспарлы ревакцинация деген бар. Ол әдетте жылына бір рет салынады. Біз қазір бөліп жатырмыз. Өйткені Қазақстан негізінде вакцинациялауды кешірек, ақпан айынан бастады. Халықтың көп бөлігі маусым-шілде айларында вакцина алды. Бізде әзірше антидене жаңа, деңгейі жоғары. Сондықтан шамамен екінші доза салынғаннан 9 ай өткен соң күнтізбеге (ревакцинациялау — ред.) енгізіледі, — деді Алексей Цой Coronavirus2020.kz Telegram-каналында.
Ол мұны әріптестерімен талқылайтынын, сосын ДДСҰ-мен кеңесетінін айтты.
Қазақстанда ақпанда вакцина алған азаматтарға ревакцинация (биыл — ред) қазан айына таман басталады, — деді министр.