Фоторепортаж: Абай Құнанбайұлы есімі берілген Алматы орындары

10 тамыз - Абай күні. Мерекеге орай Baribar.kz тілшілері Алматыдағы Абай Құнанбайұлының есімі берілген орындарға фото-шолу жасады.

Мешіт

2021 жылдың мамырында Жетісу ауданында Абай Құнанбайұлы атындағы мешіт салынды. Бұрын мұндағы мешіт «Амин» деп  аталған. Осы жылы кәсіпкерлер мен қарапайым халықтың қолдауымен ғимаратқа реконструкция жасалды.

мешіт Алматы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Абай атындағы мешіт замануи сәулетімен ерекше.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогика университеті

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогика университеті — Қазақстанда ашылған ең алғашқы жоғарғы оқу орны. Қазір бұл оқу ордасы жаратылыстану, физика, қазақ тілі мен әдебиеті, лингвистика және тағы басқа салалар бойынша педагог-мамандарды дайындайды. Алматыда 15 филиалы бар. Төле би көшесі мен Достық даңғылының қиылысында орналасқан мына ғимарат университеттің негізгі кампусы болып есептеледі.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

1990 жылы 25 қазанда «университет» мәртебесін алынып, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университеті деген атауға ие болды. Бұл Қазақстанның тәуелсіздік дәуірінің басталуымен сәйкес келеді.

Фото: Баөдәулет ӘБдуалы
Фото: Бақдәулет ӘБдуалы

Абай даңғылы

Алматы тұрғындары Абай даңғылын ең әсем әрі ерекше өз атмосферасы бар деп санайды. Себебі бір көше бойында қаланың барлық қызығы жатыр. Саябақ, Ұлттық кітапхана, театр, Балуан Шолақ спорт алаңы, цирк, ғажайыптар әлемі. Оған қоса қатарынан тізіліп орналасқан кофехана-кафе көп.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Бұрын бұл жолды Арычная көшесі деп атаған. 1960 жылы оған бас ақын Абай Құнанбайұлының есімі берілді.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Абай жолы Достық даңғылынан Момышұлы көшесіне дейін созылып жатыр. Даңғыл басында, яғни Достық пен Абай даңғылының қиылысында Абайдың мүсіні тұр.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Абай бекеті

Алматыдағы метро бекеттерінің бірі де қазақ философы Абай Құнанбайұлының құрметіне аталды. Ол Назарбаев көшесі мен Абай даңғылының қиылысында орналасқан.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Абай станциясы ең терең бекеттің бірі болып саналады.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Бекет ішінде пойыз күткен жолаушылар Абай бейнесін тамашалап, өлең жолдарын оқи алады.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Абай Опера және балет театры

Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры — елде алғаш ашылған кәсіби музыка театры.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Сонымен бірге театрға келіп, «Абай» операсын тамашалауға болады.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Абай мейрамханасы

Абай қазақ ұлттық мейрамханасы Көктөбе тауында, теңіз деңгейінен 1100 метр биікте орналасқан. Мұнда ас ішіп отырып, Алматыны жоғарыдан бақылауға болады.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Exit mobile version