Алматы ТЖД баспасөз қызметі өкілдері сағат 12:30-да Алатау ауданындағы индустриал аймақта зират маңында құрғақ шөп өртенгенін хабарлады.
Өрт аумағы 1,5 гектар. Жалынды сөндіруге «Ермак» аспалы өртсөндіргіштерді, бекініс құрал-саймандары пайдаланды. Оған 22 адам мен төрт техника жұмылды. Өрт 14:28-де ауыздықталып, 15:11-де сөндірілді, — делінген хабарламада.