«Гофротара зауыты» ЖШС-ның тарихы 2006 жылдың 14 шілдесінен бастау алады. Дәл сол күні кәсіпорынның негізін қалаушы Гүлнар Қайдарова гофрирленген қалың қатырма қағазын өндіру цехын іске қосты.
Гофрирленген қалың қатырма қағаз – ең көп таралған және ең жиі қолданылатын қаптайтын, орайтын материалдардың бірі. Статистика бойынша Қазақстандағы нарықта қаптама ыдыстардың көбі қалың қатырма қағаздан және пластиктен жасалады. Соның ішінде қалың қатырма қағаздан және қағаздан жасалған қаптама бұл нарықтың 40%-ын құрайды. Оның көп таралуының себебі: салмағы аз, құны арзан, соған қарамастан, физикалық өлшемдері де жақсы.
Сонымен қатар гофрокартонын өндіру үшін экологиялық материалдар қолданылады. Өнімнің негізгі бөлігі целлюлозадан және екінші шикізаттан, өңдеуден өткен макулатурадан тұрады. Осыған қарамастан, картонды бір емес, бірнеше рет қайта өңдеуге болады. Материалдың осы қасиетінің арқасында жыл сайын 2 тоннадан астам ағашты сақтап қаламыз. Желім ретінде крахмалдың негізіндегі зат пайдаланылады, ол мұндай ыдысты азық-түлік өнімдерін де сақтау үшін пайдалануға мүмкіндік береді.
Дәл осы экологиялық өндіріс және өнімге деген жоғары сұраныс Гүлнар Шамарқызының осы іске қызығушылығын оятты. Міне, 15 жыл қатарынан компания айналымын арттырып, өнімдерінің түрін көбейтіп, сенімді түрде өсіп келеді.
Даму кезеңдері
Зауыттың өндірістік қызметі 2006 жылы басталды. Ол кезде ескірген құрылғылармен жұмыс істеген болатын. Алайда 2008 жылдан бастап және бүгінге дейін кәсіпорын өндірісті үнемі түрлендіріп отырды. Қазіргі уақытта зауыт тұрақты түрде жұмыс істеп тұр және 3 қабаттан тұратын гофрокартон шығарады. Одан әртүрлі пішімдегі қораптар жасалады.
2008 жылы жаңа өндірістік нысандар салынды. 3 жыл өткен соң 2011 жылы түрлендірудің екінші кезеңі өтті.
2019 жылы өнімдердің түрін көбейту мақсатында Transpack Global Machinery Co Ltd, China және Zhejiang Dayuan Machinery Co Ltd, China сияқты белгілі өндірушілерден әртүрлі өлшемдегі, түрлі-түсті картон қораптарын және қағаз пакеттер шығаратын құрылғы сатып алынды. Зауыт тегіс кесетін автоматты машинамен, парақтарды кесуге арналған нақты сервореттегіші бар жылдамдығы жоғары машинамен, бобинокескіш флексографиялық баспа машинасымен толықты. Осының арқасында зауыт өлшемдері әртүрлі қағаз пакеттерді және қораптарды шығару мүмкіндігіне ие болды. Оның үстіне, дизайнер жасаған логотиппен шығарылады. Бұл қызметті де кәсіпорын ұсынып отыр. Өндірістік қуат — айына 1 000 000 қағаз пакет.
Алайда 2020 жылдағы пандемия зауыттың жоспарына түзету еңгізбей қоймады. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты жаңа құрылғыны орнату мүмкіндігі болмады. Себебі мамандар шетелде болды.
Бірнеше ай бұрын жаңа өнім шығаратын жаңа цех жұмысын бастады. Өндірілетін өнімдердің ішінде стандарт пакеттер мен қораптар, сондай-ақ қиын кесілетін қаптамалар да бар. Экологиялық өнім болғандықтан, ыдыстың бұл түрі азық-түлік және фармацевтикалық өндірісте кеңінен қолданылады. Зауыт үшін ынтымақтастық орнатудың жаңа белестері ашылды. Мысалы, тапсырыстар көбейді.
Бүгінгі таңда зауыт өнімдерімен бүкіл Павлодар аймағын қамтамасыз етуде – барлық азық-түлік өндірісі және қаладағы, облыстағы пиццериялар қораптарды осы жерден сатып алады. Сонымен қатар «Шымкент кұс» ЖШС, Көкшетау «Гормолзавод» ЖШС, Петропавлдағы «Султан Кондитерские изделия» АҚ және тағы басқалары сияқты басқа да аймақтардан тапсырыстар түседі. Қазіргі уақытта еліміздегі ең ірі кондитерлік фабрикалардың бірімен жеткізу туралы шарт жасау процесінде.
Батыл жоспарлар
Полиэтилен қаптамаларын пайдалануды азайтуға бағытталған экологиялық инвестициялық жоба зауытты «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасының аясында 180 миллион теңгеден астам сомаға қаржыландырған Сбербанктің қолдауымен іске асырылды.
Жауапты қаржыландыру саясатын ұстанатын Сбербанк үшін зауыт қызметінің экологиялық бағыты ерекше қызығушылық тудырғанын атап өту керек. Шикізатты қайта пайдалану банкте ESG стратегиясының аясында айтылған экологияны сақтап қалу негіздеріне жауап береді.
Зауыттың қаржы институтымен орнатқан серіктестігі нығаюда.
Сбербанк – біздің инвестициялық жобамызды қаржыландыруды шұғыл түрде қарастырып, оған өз келісімін берген банк, осының арқасында бұрыннан жоспарлап жүрген жаңа өндірісімізді іске қостық. Ынтымақтастық орнатқан сәттен бастап ешқандай қиындық туындамады. Бұл — әрине, қуантарлық жағдай. Бағдарламалар автоматтандырылғандықтан көп мәселе тез шешіледі. Ал мерзімді сақтау бизнес үшін өте маңызды, мысалы транш алған кезде. Банк қызметкерлерінің бізге көрсеткен қызметіне және мамандардың біліктілігіне көңіліміз толады. Сол себепті Сбербанкпен орнатқан серіктестігімізді ары қарай да жалғастыруды жоспарлап отырмыз, — деді кәсіпорын директоры Гүлнар Қайдарова.
Компанияның жоспарлары айқын – басқа жақтан алынатын шикізатқа тәуелді болмау үшін қағаз бен картонды өзіміз шығаратын өндірісті бір ізге түсіру.