Адамдарды отырғызуға арналған орын саны 208. Жаңа нысанның әрбір кабиналарында Алматы қаласының көрнекті жерлері жайлы үш тілде ақпарат беретін аудиогид орнатылған.
Аттракциондарды саябақтарда емес, қала ландшафтына үйлестіре орналастыру – урбанизацияның заманауи бағыты. Бұл ірі мегаполиспен танысуға келген туристердің қызығушылығын тудырары сөзсіз.
Аталмыш жобаға тартылған инвестиция құны 1,6 млрд теңгені құрайды. Ал өзін-өзі ақтау мерзімі шамамен бес-алты жыл деген болжам бар. Салмағы 360 тонналық дөңгелектің фундаментін құю үшін 857 тонна бетон қажет болды. Жаңа нысан барлық техникалық талаптарға сай тұрғызылып, мемлекеттік сараптамадан өтті.