Асқар Мамин құрылысшылар күнімен құттықтады

Премьер-министр құрылыс мамандығы қоғам өміріндегі ең құрметті және аса сұранысқа ие мамандық екенін айтты.

Сіздер өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандар, тұрғын үйлер салып, еліміздің инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамытуға зор үлестеріңізді қосып келесіздер. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз тұрмыс сапасын арттыруға және барлық қазақстандықтың жарқын болашағын қамтамасыз етуге жол ашады. Бүгінде құрылыс секторы — экономиканың негізгі драйверлерінің бірі. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының ауқымды міндеттерін жүзеге асыру сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен өз істеріңізге деген сүйіспеншіліктеріңізге байланысты, — деп жазды Асқар Мамин.

Ол құрылыс саласының барлық қызметкеріне зор денсаулық, шаңырағына шаттық, еңбегіне толағай табыс тіледі.