Мамандардың айтуынша, 7-9 тамызда атмосфера фронтал бөліктерінің әсерінен еліміздің солтүстігінде, орталығында, шығысында және оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Елдің солтүстігінде және орталығының кей жерінде нөсер, бұршақ жауады.
Сонымен бірге солтүстік өңірлерде жел күшейіп, ауа температурасы 20-25 градусқа дейін төмендейді деп күтіледі. Республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады, республиканың батысында 45 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі, — делінген хабарламада.