Фотода Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон және Қырғызстан президенті Садыр Жапаров бар.
Орталық Азия мемлекет басшыларының бейресми кездесуі, — деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасына.
Айта кетейік, 6 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға келді. Ол Орталық Азия мемлекеті басшыларының Консультативтік кездесуіне қатысады. Көрші елдердің басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер жоспарланған.