Басты бетДДСҰ: Вакцина...

ДДСҰ: Вакцина алмау мектепке баруға кедергі келтірмеуі керек

ТАСС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымы мектептер ашылғанын және онда вакцина алмаған оқушылар да бара алу керек екенін мәлімдеп отыр.

Мектептер ашық болуы қажет. «Сабаққа тек вакцина алған балалар жіберілсін» деген сияқты талаптар болмауы керек. Вакцина алмау мектепке баруға кедергі болмауға тиіс, — дейді Кейт О’Брайен.

Сонымен қатар сарапшы вакциналау кезінде халықтың ең осал топтарына, оның ішінде қарттарға, созылмалы ауруы бар адамдарға және медицина қызметкерлеріне басымдық беруге шақырды.

Жасөспірімдерге келсек, оларда әдетте ауру ауыр күйде жүрмейді. Дегенмен созылмалы ауруы бар жасөспірімдерді басым топтарға жатқызу керек, — дейді Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымы Иммундау департаментінің басшысы.