Басты бетЖаңалықтарАтырау облысы...

Атырау облысы өнеркәсіптік өндіріс көлемі бойынша алдыңғы орында

Бұл туралы Атырау облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инноваиялық даму басқармасы басшысының м.а. Қаныш Мәмбетов мәлімдеді.

Республикалық көлем бойынша облыс бірінші орында (23%). Облыстың ЖӨӨ құрылымында өнеркәсіп 53% құрайды, соның ішінде бұл көрсеткіштің 92,3% мұнай өндіру өнеркәсібімен байланысты олып отыр. Спикердің сөзінше, қазіргі уақытта облыстың әлеуеті мұнай-газ өнеркәсібінің дамуымен анықталады.

Кәсіпорындардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және өндіріс қуатын арттыру мақсатында әкімдік тарапынан жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметіне ай сайын мониторинг жүргізіледі, ірі жер қойнауын пайдаланушылармен және отандық өндірушілермен меморандум жасалды, – деді басқарма басшысының м.а.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Атырау облысында 22 ірі, 18 орта және 534 кіші кәсіпорын жұмыс жасайды.