Тамызда өтетін ҰБТ-ға өтініш беру басталды

Өтінімдер қабылдау 4 тамызда басталып, 6-сына дейін жалғасады. ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу ортағының сайтында жүргізіледі.

Айта кетейік, осы ҰБТ-ға биылғы және өткен жылдардың мектеп түлектері, колледж түлектері мен шетелдік мектептерде білім алғандар қатыса алады. Негізгі ҰБТ секілді тамыздағы тестілеу электрон форматта 16-20 тамыз аралығында өтеді.

Тіркелу кезінде тестіленушілер емтихан өткізілетін орынды, күнді және уақытты өзі таңдайды.

Өкінішке орай, қаңтар-маусым аралығында өткен ҰБТ-да кейбір талапкерлер шекті балл жинай алмады. Олар еліміздің жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігінен айырылды. Біз осы балалардың ақылы бөлімге түсу мүмкіндігі болуы үшін тамыз айында қайта тестілеуден өтуге жағдай жасадық. Оқуға түсу үшін шекті балл және әр пәннен кемінде 5 балл жинау қажет, – деп түсіндірді Министрліктің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.