Olympic.kz-тің хабарлауынша, аталған салмақ бойынша сынға түскен қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалда қарсыласына жол берді. Жекпе-жек үшінші раундта отандасымыздың жарақаттануына байланысты тоқтатылып, жеңіс АҚШ өкілі Ричард Торреске берілді.
Нәтижесінде бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев Токиодағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Осылайша спортшы Қазақстанға 4-медальді алып келді.
Еске салайық, осыған дейін дзюдодан Елдос Сметов, ауыр отлеттер Зульфия Чиншанло мен Игорь Сон қола жүлдеге ие болған еді.