Жыл басында теңгенің долларға деген тұрақтылығы 2%-ға бекіді. Бұл ең алдымен әлемдегі мұнай барреліне деген сұраныстың 13%-ға артуына байланысты. Сонымен бірге Данияр Ақышев банктің пайыздық мөлшерлемесі 12%-ға төмендетілгенін айтты. Бұл жақсы көрсеткіш.
«Егер ел экономикасына әсер етуші сыртқы және ішкі факторлар қалыпты болса, онда банктің пайыздық мөлшерлемесін әлі де төмендетуге болады. Базалық мөлшерлемелердің төмендеуі сыртқы жағымсыз әсерлер болмаса, келесі айларда да жалғаспақ. Сондықтан да базалық мөлшерлемелер туралы біздің ақпан айына жасаған шешіміз бойынша пайыздық мөлшерлемелер төмендейді», — деді Ұлттық банк төрағасы.