Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

2021 жылы Қазақстанда интернет арқылы жасалатын қылмыс саны артты

Фото: Akorda.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, ведомство қылмыстың көп түрін ашу көрсеткіштерін жақсартқан. Кісі өлтіру, тонау, бұзақылық, ұрлық, сондай-ақ, кәмелеттік жасқа толмағандар жасаған құқық бұзушылықтар саны азайған. Қоғамдық орындар мен көшедегі қауіпсіздік деңгейі жоғарылаған. Алайда, интернет желісін пайдалану арқылы жасалатын алаяқтық қылмыстар саны артқан. Бұған пандемия кезіндегі онлайн-қызметтердің өсуі ықпал етті.

Мемлекет басшысына вакцина алғандығы жөнінде жалған құжаттар таратудың жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды. Жыл басынан бері полиция органдары 50-і жалған вакцинация паспорттарын және 60-ы жалған ПТР-анықтамаларын жасағаны үшін 110 қылмыстық іс қозғаған.

Министр Ішкі істер министрлігі бөлімшелеріндегі жеке құрам қызметкерлерінің 96% екпе алғанын айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев министрлікке басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, карантин шараларын қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлуді, сондай-ақ, кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың, тұрмыс саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жандандыруды тапсырды.

Exit mobile version