Грек-рим күресінен Нұрсұлтан Тұрсынов Олимпиададағы алғашқы кездесуінде жеңілді

Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған салмақ бойынша Қазақстан сапынан Нұрсұлтан Тұрсынов кілемге шықты. Оның алғашқы қарсыласы германиялық Денис Кудла болды. Екеуара кездесу 4:1 есебімен отандасымыздың қарсыласының еншісіне шешілді, — делінген хабарламада.

 

Нұрсұлтан Тұрсынов
Фото: Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК
Нұрсұлтан Тұрсынов
Фото: Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК

Грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас бапкері Бақтияр Байсейтов төрешілер тарапынан бағалау дұрыс болмағанын айтты.

Өздеріңіз көргендей, әдіс жасалды. Тіктұрып жартылай әдіс жасап лақтырды. Ереже бойынша толық жасалмаған әдіске екі ұпай берілуі керек. Олар, төрешілер мұны есептеген жоқ. Мен төрешілер шешіміне шағым түсіргенде (челлендж) белдесуді қайта қарап, шешімді өзгертпеді. Әдетте шағым қанағаттандырылмаса, қарсыласқа бір ұпай беріледі. Бас төреші, төрешілер координаторының ұлты неміс. Осы жерден өздеріңіз қорытынды жасай берсеңіздер болады. Бұл жерде бізден жеңісті тартып алды деп есептеймін, — дейді бас бапкер.

Бас бапкер, Грек-рим
Фото: Жеңіс Ысқабай, Қазақстан ҰОК