Басты бет Жаңалықтар Армия спортшылары Универсиадаға қатысады

Армия спортшылары Универсиадаға қатысады

Қорғаныс министрлігіне қарасты Армия орталық спорт клубының тоғыз спортшысы Алматыда өтетін ХХVIII қысқы Универсиадада Қазақстан құрама командасының сапында сайысқа түседі. Әскери қызметшілер биатлоннан, шаңғы жарысынан және шайбалы хоккейден жүлделі орындар үшін бағын сынайды.

Биатлон бойынша штаттық команданың спортшылары Германиядағы Әлем Кубогының сатыларында сайысады, содан кейін Италиядағы жарысқа қатысады.

«Өз жерімізде сайысу — біз үшін үлкен абырой, әрі үлкен жауапкершілікті талап етеді. Алдағы жарыстарда еліміздің көк туын көкке өрлетумен бірге, Қарулы Күштеріміздің туын асқақтату да үлкен құрмет!» — деп атап өтті АОСК биатлоншысы Василий Подкорытов.

ХХVIII қысқы Универсиада Алматы қаласында биылғы жылдың 28 қаңтарында басталатынын айта кеткен жөн. Аталған жарыс 50 жылдан бері әлемдік спорт аренасында халықаралық оқиғалардың маңыздылығы мен өкілеттілігі жағынан екінші орында. Бұл жолғы сайыс әлемнің 57 елінен 3 500-ден астам спортшының басын біріктіргелі тұр. Дүбірлі додада спорттың 12 түрі: атап айтқанда биатлон, тау шаңғысы және конькимен жүгіру спорты, кёрлинг, шаңғы қос сайысы, шаңғы жарысы, трамплиннен шаңғымен секіру, сноуборд, мәнерлеп сырғанау, фристайл, шайбалы хоккей және шорт-трек.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version