Шымкенттегі әуе базасы тексерілді

Авиацияның жауынгерлік әзірлігінің нақты жай-күйін анықтау үшін жеке құрам дабыл бойынша көтерілді. Комиссия кезекші күштерді, оқу-материалдық базаның жағдайын, сондай-ақ жауынгерлік құрам мен қару-жарақты тексерді.

Ұшу құрамы ұшу дағдылары, нысанаға дәл шығу және шартты қарсыласты жою, сондай-ақ жауынгерлік қолдануға ұшуды орындау бойынша бағаланды.

Тексеру барысында комиссия жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыру, жауынгерлік даярлық, ұшуларды жерде қамтамасыз ету, материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелеріне, сондай-ақ инженерлік-техникалық құрам мен байланыс мамандарының жұмысына назар аударды.

Тексеру қорытындысы бойынша комиссия төрағасы полковник Тимур Омаров авиациялық базаның жеке құрамы жауынгерлік міндеттерді орындауға дайын екенін атап өтті.

ДереккөзBaq.kz