Қазақстандық Милад Карими өз бағдарламасын орындау барысында кішігірім қателіктер жасап, 14.133 ұпай жинады.
Жарыс нәтижесі бойынша қазақстандық гимнаст бесінші орынға тұрақтады. Еркін жаттығудан Олимпиада чемпионы атағын израильдік Артем Долгопять еншіледі. Күміс жүлдені испаниялық Рэйдерлей Запата, қоланы қытайлық Сяо Рутенг иеленді.
Айта кетейік, бұл — спорттық гимнастикдан Қазақстан командасы өкілдерінің Олимпиада ойындарында көрсетіп отырған ең үлкен нәтижесінің бірі.
Милад Карими — еркін жаттығудан Олимпиадада үздік бестікке енген алғашқы қазақстандық гимнаст.