0%

Түн жарымда досыңыз есік қағып тұр. Барар жері жоқ, сізге келіп қонсам дейді. Ал үйіңізде онсыз да қонақ бар. Не істейсіз?

Достығыңызды не бұзуы мүмкін?

Досыңыздың ешкім білмейтін жағымсыз ісін, құпиясын білесіз. Бұл ақпаратты қалай пайдаланасыз?

Жақын досыңызбен соңғы рет қашан сөйлестіңіз?

Досыңыз қарызға қомақты ақша алып, қайтармай жүр. Не істейсіз?

Қанша жақын досыңыз бар?

Бір-екі ай хабарсыз кеткен адамды “досым” деп атай аласыз ба?

Досыңыз өміріңіздегі барлық оқиғағадан хабардар ма?

Досыңыз бір затыңызды уақытша сұрап алды да, байқаусызда бүлдіріп қойды. Не істейсіз?

Досыңыз түр-сипатына мүлдем жараспайтын шаш үлгісін жасатып алыпты. Онысын өзіне айтасыз ба?

Тест: дос ретінде қандай адамсыз?
Мінсіз дос!
Достарыңызды қатты жақсы көресіз. Кез-келген уақытта қол ұшын созуға дайынсыз. Өмірде жақыныңызға қуанып, қадірін білесіз. Олар да махаббатыңызды сезеді және бағалайды. Бір сөзбен айтқанда, сіздің достық қарым-қатынасыңызға қызыға қарауға болады.
Талапшыл дос!
Өмірлік принциптеріңізді досыңыз да бұзбауы керек деп есептейсіз. Дегенмен түсінігі мол, мейірімді адал доссыз.
Бір досың керек екен...
Жақын досыңыз жоқ сияқты. Әріптесіңіз, танысыңыз көп, бірақ қиын сәтте көмектесуге дайын дос жетіспейді. Ойланып көріңіз, бәлкім, бар мәселе сізде шығар?

Әлеуметтік желіде бөлісу: