2016 жылы Қазақстан экономикасын не күтіп тұр?

Ол аз десеңіз, фундаменталды факторлар мен көптеген сарапшылардың болжамдары көңіл тыншытпайды деп хабарлайды ҚазТАГ.

Биыл да Қазақстан экономикасы үшін ең үлкен қауіп мұнай бағасының арзандығы мен оның одан сайын арзандай түсу мүмкіндігі деп айтсақ, артық емес болар. Кезекті үрейлі қоңырау 23 желтоқсанда соғылып, Brent маркалы мұнай бағасы 11 жылдық ең төменгі шегіне жетіп, барреліне $36-дан төмендеді. Ол соңғы рет 2004 жылы орын алған еді.

Сарапшылар 2015 жылғы мұнай бағасының екі есеге арзандауы 2016 жылы да қайталануы мүмкін деп есептеп отыр. Бұл ретте бір болжам екіншісінен де ауыр. Бірақ оның шегі қайда екенін ешкім де айта алмайды. Мысалы, Sberbank Investment Research сарапшылары мұнай нарығындағы жағдай жыл соңына қарай тұрақталады деп отыр.

«Жаһандық нарықтағы артық ұсыныс жойылысымен, ол 2016 жыл соңына қарай болады деп болжануда, біз орташа баға 2016 жылы І тоқсандағы барреліне $40-дан 2016 жылғы IV тоқсандағы барреліне $65-ға дейін көтеріледі деп күтудеміз», – делінген компания болжамында.

Бұл ретте сарапшылар мұнай бағасының ұзақ уақытқа құлдырауы «дамушы нарық пен кірістілігі жоғары активтер үшін елеулі қатер болып, ал ФРЖ мөлшерлемесінің болжанатын және ақырын көтерілуі айтарлықтай қауіпке ұрынбайды деп отыр.

«Біз сондай-ақ 2016 жылы дамушы нарықтар саяси тұрақсыздық, шикізат нарықтарының әлсіздігі мен ҚХР экономикасының келешегінің белгісіздігі жағдайында құлдырауын жалғастырады деп ойлаймыз. Біз дамыған нарықтарға қатысты, олардың бағалау коэффициенттерінің жеткілікті жоғарылығын және макроэкономикалық өсуінің шектеулігін ескере отырып, оларға қатысты бейтараппыз», – делінген есепте.

Ең басты қауіп – мұнай бағасы

Мұнай нарығының келешегін Moody’s халықаралық рейтингтік агенттік те теріс бағалап отыр. Компанияның аға вице-президенті Терри Маршалдың бағалауынша, көмірсутектеріне деген сұраныстың артуы оның ұсынысының артуын қуып жете алмайды. ОПЕК мұнайды ешқандай шектеусіз өндіруде, себебі онсыз да қаныққан нарықта олар өз орнын алуға тырысып, жағдайды одан сайын қиындатуда.

Ресей де өз өндірісін арттырды және Ираннан санкциялар алынып тасталған жағдайда 2016 жылы нарық жеткізілетін мұнайға лық толуы мүмкін. Сарапшы ирандық мұнай ұсынысы АҚШ-тағы сланец мұнайын өндіру көлемін қысқартудан асып кетуі мүмкін және мұнай ресурстарының бағасына қосымша қысым түсіруі мүмкін деп ескертеді.

Ал американдық танымал Goldman Sachs банкінде пессимистік көзқарас ұстанады. Оның сарапшылары 2016 жылы нарықта мұнай тым көп болуы себепті, мұнай бағасы барреліне $20-ға дейін құлдырайды деп болжап отыр. Бұл ретте қосымша факторлардың бірі ретінде Ираннан жеткізулер артып отыруын атайды. Нәтижесінде ОПЕК-тің өндіретін мұнайының жиынтық көлемі тәулігіне 32 млн барр болады деп күтілуде.

Бірақ, оқиғаның ең теріс даму сценарийін Royal Bank of Scotland ұсынуда. Оның бас экономисті Эндрю Робертстің болжамынша, 2016 жылы мұнай бағасының құны барреліне $20-дан да арзан болады. Ол да басқа сарапшылар сияқты, мұнай бағасының арзандауының ең басты себебі – Иранның мұнай өндірісін арттыруына байланысты нарықтағы мұнай ұсынысының тым артып кетуі болады деп отыр.

Болашақ қуантпайды

«Бұл мұнай бағалары үшін улы рецепт. Біз жақындағы барреліне $26 болатын мақсатқа жылжып барамыз, және оған қол жеткенде, барреліне $16 болатын белеске қарай кете береміз. Біздің болжам бойынша, ол 2016 жылы орын алуы керек, бірақ ол бірінші тоқсанда-ақ орын алады деген қауіп артып барады, себебі халықаралық энергетикалық агенттік есептегендей, мұнайға деген жаһандық сұраныс күрт қысқарады, ал мұнай сақтайтын орындардың барлығы лық толы», – дейді Робертс.

Бұл ретте сарапшы неге кейбір инвесторлардың мұнай бағасының өсуіне сенім қойып отырғанына таң.

«Мен үшін бұл да, 2015 жылы мұнай бағасының арзандауы секілді таң қаларлық жағдай», – деп жазады Royal Bank of Scotland өкілі.

Картинамыз толығырақ болу үшін Bloomberg агенттігінің ақпаратын қосайық. Трейдерлердің ақпарына сілтеме жасай отырып, ол, өткен жылдың жиырмасыншы желтоқсанында мұнай алып-сатарлары 2016 жылы әлемдік мұнай бағасы барреліне $15 дейін арзандаған жағдайда ғана пайда әкелетін қысқа келісімшарттарды сатып алып жатқанын хабарлады. Пессимистік сценарий жүзеге асырылған жағдайда, ал оның орын алу мүмкіндігі күн сайын артып келеді, Қазақстан биыл бірден бірнеше қауіптермен бетпе-бет келеді: ұлттық валютаның жаңа девальвациясымен, жоғары инфляция, несиелеу дағдарысының тереңдеуі, банк саласындағы тоқыраушылық қарқынның күшеюі, тікелей шетелдік инвестициялар ағымының кезекті құлдырауы және рецессиямен ұшырасады. Ақырында бұл халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейінің одан ары төмендеуіне алып келеді.

Ал 2016 жылы жаһандық экономика мен нарық үшін қауіптерге келсек, онда халықаралық экономикалық институттардың түрлендіру және саясиландыру үдерісіне назар аудару керек. Мәселен, 2015 жылы, әсіресе Украинаның Ресей алдындағы тәуелсіз қарызының маңайында шиеленіскен жағдайдан кейін Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) қызметі олар мәлімдеген міндеттерден мүлде алшақ екенін көрсетіп отыр.

Дағдарыстан – экономикалық соғыстарға ма?

Еске салсақ, ресейлік тарап алдында сыртқы міндеттемелері бойынша дефольт болған жағдайда ХВҚ Украинаға қаржылық көмек көрсетуге салынған тыйымды алып тастау туралы шешім қабылдай отырып, теңдесіз қадам жасады. Басқа мысал – бұл бірқатар елдердің Транстынықмұхиты серіктестігі (ТТС) бойынша шарт негізінде, параллельді түрде ДСҰ құрылымын құру туралы талпыныстары. Сонымен, былтыр 5 қазанда АҚШ пен Тынық мұхиты жағалауының 11 мемлекеті Тынық мұхитының екі жағалауындағы еркін сауда туралы келісім бойынша ақырғы келісімдерге қол жеткізді.

Бұл ретте, тарихи тұрғыда ТТС Оңтүстік Шығыс Азия (АСЕАН) мен Азия-Тынық мұхиты экономикалық әріптестігі (АТЭӘ) мемлекеттері қауымдастығының баламасы ретінде құрылды. Шарт Азия-Тынық мұхиты өңірінде Аустралия, Брунея, Вьетнам, Канада, Малайзия, Мексика, Жаңа Зеландия, Перу, Сингапур, АҚШ, Чили мен Жапония арасында еркін сауда аймағын құруды білдіреді.

Нәтижесінде, сарапшылрадың бағалауынша, ТТС елдерінің әлемдік ІЖӨ-гі үлесі 40% және халықаралық сауда айналымының 25%-на жетуі мүмкін. Ал Қытайдың да, Ресейдің де басынан бастап Транстынықмұхиты серіктестігіне шақырылмағаны назар аударлық… Экономикалық институттардың халықаралық сәулетінің қазіргідей түрленуі әлемдік экономика үшін жағымсыз салдарға тап қылуы әбден мүмкін. Ерте ме, кеш пе, бұл кезекті сауда және валюта «соғысы» немесе жаңа қарыз дағдарысы түрінде көрініс табады. Оның белгісі көзге ұрып тұр, мәселен, көптеген валюталардың девальвациясы, соның ішінде соңғы бірнеше жылдағы долларға қатысты теңгенің де, оған қоса батыс елдері мен Ресейдің секциялық қарсылық танытулары бар.

Сондықтан, ары барған сайын бұл жылдың 2015 жылдан да жақсы болады деп санауға негіз де азайып барады. Керісінше, бұл жылдың өткен жылға қарағанда қиындау болатынына объективті экономикалық және саяси алғы шарттардың барлығы бар.

Дереккөзkaztag.kz