Режиссер Болат Атабаев қайтыс болды

Қош бол, үлкен адам, азамат, — деп жазды әлеуметтік желіде құқық қорғаушы Бақыжан Төреғожина.

2020 жылдың наурызында режиссердің Германиядағы клиникада қант диабеті мен бүйрек жеткіліксіздігінің салдарынан ауыр халде жатқандығы хабарланды.

Болат Атабаев Неміс драма театрының және М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театрының бас режиссері, «Ақсарай» театрының көркемдік жетекшісі болды.

Ол 1952 жылы 14 мамырда Алматы облысы туған. Ол 1974 жылы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынас тілдері университетін, 1983 жылы театр және көркемсурет институтын  бітірген.

Болат Атабаев Б.Римованың «Қос мұңлық», М.Мақатаевтың «Қош, махаббат», сондай-ақ, И.Оразбаевтың «Шыңғысхан», М.Метерлингтің «Соқырлар», Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне», А.П. Чеховтың «Шағала», Ә.Кекілбаевтің «Абылай хан», Б.Брехттің «Тоғышардың тойы», М.Әуезовтің «Қарагөз», т.б. спектакльдер қойды.

Болат Атабаев өмірінің соңғы жылдарында Қазақстанның қазіргі билігінің саясатын белсенді сынап жүрді.

ДереккөзҚазТАГ