Басты бетҚоғамАлексей Цой:...

Алексей Цой: Бес өңірде Ashyq-қа қатыспайтын барлық ұйым қызметін тоқтатады

Жаңа шектеулер Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағандыда енгізіледі.

Кеше ведомствоаралық комиссия шешімімен бес өңірде 2 тамыздан бастап күшіне енетін қосымша шектеу шаралары бекітілді. Орталық мемлекеттік органдарды, әкімдіктерді, құқық қорғау органдарын, Денсаулық сақтау ұйымдарын, БАҚ-ты, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын қоспағанда, меншік нысанына қарамастан, Ashyq-қа қатыспайтын барлық кәсіпорын мен ұйым қызметі тоқтатыла тұрады, — деді министр онлайн-брифингіде.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қалаларда ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), кеңселердің, ұлттық компаниялардың және өзге де ұйым қызметкерлерінің 80 пайызы үшін қашықтан жұмыс істеу нысаны сақталды (вакцина алған және кейінгі 3 ай ішінде ауырып жазылғандарды қоспағанда).

Сондай-ақ, Ақмола, Алматы, Түркістан, Қарағанды облыстарында халықтың көші-қонын ескере отырып, Нұр-Сұлтан (Бурабай, Целиноград, Аршалы аудандары), Алматы (Қарасай, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ аудандары), Шымкент қаласы (Сайрам, Төлеби аудандары), Қарағанды (Теміртау, Шахтинск, Абай қалалары) шекаралас аудандарда карантин шараларын күшейту бойынша ұқсас шаралар қабылданады, — деді Алексей Цой.

Жұмыс күндері Ashyq-қа қатысатын субъектілер қызметі сағат 20.00-ге дейін, Ashyq көшбасшылары үшін 22.00-ға дейін 9 тамызға дейін шектеледі.