Бауыр циррозы жылына 2 миллион адамның өмірін жалмайды, ал өкпе ауруларынан дәл осы мерзім ішінде 3 миллион жан қайтыс болады. Бұл сырқат түрлері генетикалық тұқым қуалау нәтижесінде пайда болады деген пікір бар, яғни отбасында ешкім қатерлі ісікке немесе циррозға шалдықпаса, қатер де жоқ.
Шын мәнінде, заманауи зерттеулер генетика қандай да бір аурудың дамуына ықпал етеді, алайда қатерлі сырқаттардың көпшілігінің пайда болуына себепші бола алмайды деген пікірде. Бұл ретте басты факторлар шылым шегу, ішімдік және дұрыс тамақтанбау болып отыр.
ниЖевред жобасымен бірлесіп, қауіпті ауруды барынша айналып өтудің қандай жолдары бар екенін қарастырып көрдік.
Темекі түтіні өкпе ауруларының 90%-ның пайда болуына себепші
Шылымқұмарлар темекі тартпайтын жандарға қарағанда өкпе ауруларынан 13 есе жиі өледі. Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы оқиғаларының 90%-ға дейінгі бөлігі шылым шегуден пайда болады және тек 1-4,5% жағдайда ғана тұқым қуалаушылық себеп ретінде тіркеледі екен.
Шылым шегушілердің тағы бір аса қатерлі ауруы – өкпе ісігі. 90% жағдайда бұл сырқаттың пайда болуына темекі түтіні әсер етеді. Ал генетиканың ықпалы бар болғаны 8% төңірегінде, оның өзі – ғылыми ортада күмәнға ұшырап отырған көрсеткіш.
Қатерлі ісік пен өзгедей тыныс алу ауруларының шылымқорда пайда болуының себебі – темекі түтіні. Адам никотин дозасын алып, үйреншікті әдетін орындау үшін темекіні тұтатады, алайда сол түтінді жұтқанда, 6000 зиян зат ағзаға барып түсетінін, оның 69-ы қатерлі ісіктің пайда болуына алып келетінін түсіне бермейді.
Бүкіл әлем сарапшылары темекіден бас тартуға шақырып, дабыл қағуда, алайда шылымқорлар саны кемудің орнына, артып келеді. Себебі бұл зиян әдеттен бас тарту біз ойлағаннан әлдеқайда қиын. Ғалымдар мұндай жағдайда темекінің ағзаға тигізетін залалын біртіндеп азайту әдісін байқап көруге шақырады. Ол үшін түтінсіз балама өнімдерді тұтыну керек. Электронды темекілер мен темекіні қыздыратын құрылғыларда жану процесі, яғни шайыр мен канцерогеннің басты көзі жоқ. Ғылыми мәліметтер мұндай өнімдердің зиян заттарды 90%-ға дейін азайтатынын көрсетіп отыр.
Темекі түтінінен азат әлем қорының президенті доктор Дерек Яч былай дейді:
Қыздырылатын темекі тұтынушыларының көбі уақыт өте келе кәдімгі темекіден бас тартып, бұл құрылғыға біржолата көшеді. FDA осының арқасында шылымға қатысты туындайтын өлімнің бірнеше себебінің қатері айтарлықтай азаяды деген қорытындыға келді. Темекіні қыздыру жүйесін қолданатын адамдардың арасында кәдімгі шылымға оралатындардың аз екенін дәлелдейтін деректер бар. Мен мұндай балама жолмен никотинді тұрақты тұтыну денсаулыққа келер қатерді ешқалай арттырмайтынына баса мән беріп өтер едім. Никотин қатерлі ісік немесе басқадай да бір қауіп тудырмайды. Қауіп шайыр мен түтіннен келетін өнімдерден.
Бауыр циррозы оқиғаларының төрттен бірі алкогольге байланысты, тек 1%-да ғана генетика «кінәлі»
Цирроз – ішімдік ішудің ең белгілі, қайғылы салдарының бірі. Бұл ауру жайттарының 25%-ы алкоголь тәуелділігінен пайда болған. Алайда цирроз тудыратын генетикалық патология сирек кездеседі – бар болғаны 1%-ға жетпейтін жағдайда сырқат тұқым қуалап келген.
Цирроз кезінде бауырдың құрылымы өзгереді. Ағзаны токсиндерден қорғайтын жасушалар, яғни гепатоциттер өледі. Адам неғұрлым көп ішсе және неғұрлым ұзақ уақыт бойы алкоголь тұтынса, аурудың пайда болу қатерлі соғұрлым арта береді.
Рас, кейде цирроздің пайда болуына генетикалық ауру да себепші болуы мүмкін. Мысалы, гемохроматоз кезінде организмдегі без алмасу жүйесі бұзылады, соның кесірінен бауыр да зардап шегеді. Тағы бір генетикалық ауытқу – тирозинемия. Бұл ауру кезінде цирроздың алғашқы белгілері бала өмірге келген соң бастапқы айларда-ақ байқалады. Сондай-ақ галактоземия да тұқым қуалайды: оның салдарынан зат алмасу бұзылып, бауыр қызметі бұзылады.
Алайда жоғарыда аталған патологиялардың тым сирек кездесетінін айта кету керек. Генетикалық скрининг гемохроматоз гені 500 адамның біреуінде ғана кездесетенін көрсетті. Ал тирозимения 100 000 сәбидің бірінде ғана болуы мүмкін. Галактоземия 16 000 балада бір ұшырасады. Ал цирроздың пайда болуына себепші қалған дүниенің бәрі өмір сүру салтынан туындайды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтауы ұйымының рекомендациясы бойынша, ішімдіктің ағзаға тигізер зиянын азайту үшін ер адамға күнінен 40 г аспайтын спирт (шамамен 2 бөтелке сыра, 100 мл арақ немесе 3 бокал құрғақ шарап) тұтынуға болады. Ал әйелдерде бұл көрсеткіш 30 г таза спирттен аспауы керек (1,5 бөтелке сыра немесе 80 г арақ, 2 бокал құрғақ шарап). Сондай-ақ ішімдік ішу жиілігін азайту, градусы үлкен сусынды емес, алкоголі әлсіз өнімді таңдау және ағза кеуіп қалмас үшін сұйықты көп ішу керек.
Консерванттар мен трансмайлар: тәрелкедегі қатерлі ісік
Дұрыс тамақтанбау – бүгінгі адамның соры. Қант, трансмайлар, тұз – артық тамақ жеудің, семіздіктің, қан тамырлары проблемаларының, II-топтағы диабеттің себебі. Түрлі мәліметтер бойынша, асқазан-ішек жолдары сырқаты, қатерлі ісік тудыратын Корн ауруы жағдайларының 20-85%-ы дұрыс тамақтанбауға байланысты пайда болады және тек 20%—ы ғана тұқым қуалайтын факторлар салдарынан туындайды.
Ұлыбританияда жүргізілген зерттеу мұны растап отыр: өмір сүру барысында Корн ауруына ұшырағандардың күнделікті тұтынатыны негізінен қант, піскен нан, ақ күріш сияқты рафинадталған көмірсудан тұрады екен.
Ал асқазан-ішек жолдары қатерлі ісігінің 70%-ы болуы – сұмдық көрсеткіш, зиян тамақ болмаса, бұл жағдайлар туындамауы да мүмкін еді. Жалпы, асқазан-ішек жолдары онкологиясы жайттарының 5-10%-да ғана генетикалық тұқым қуалаушылық себепші болып жатады.
Ғалымдар көкөніс, жеміс-жидек және бүтіндәнді өнімдер кіретін балансты тамақтану ғана мықты денсаулық кепілі бола алады дейді бір ауыздан. Алайда қайсымыз алдағы дүйсенбіден бастап дұрыс тамақтану салтына көше аламыз? Бірді-екілі адам ғана. Бұл жолда да көмекке зиян біртіндеп азайту тәсілі келе алады. Ол үшін аз-аздан бастап, шағын өзгерістерге мән беру қажет. Мысалы, рафинадталған қанты бар өнімдерді жидекке, балға немесе стевияға ауыстыруға және майлы тамақ көлемін кемітуге болады.
Зиянды біртіндеп азайту тәсілін кей дамыған мемлекеттің қолданып келе жатқанына 20 жылдан асты. Біржолата тыйым салу немесе шектеу қоюға қарағанда бұл әдіс тиімді екенін көрсетіп отыр. Зиян әдетті бір сәтте қойып кете алмасақ та, оның ағзаға тигізер зиянын азайтуға болады. Осыған орай қазақстандықтарға денсаулықты сақтауда көмектесу үшін нижеВред ақпараттық порталының ашылғанын, мұнда денсаулық қалай күтуге болатыны жайлы соңғы зерттеулер, ғылыми еңбектер мен ұсыныстарды оқып тұруға болатынын айта кету керек.