Парламент Мәжілісінің депутаттары – Nur Otan партиясы фракциясының мүшелері Бекқали Торғаев, Айдос Сарым және Артур Платонов Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: Әр адамға лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының орындалуын бақылау мақсатында Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы Ala Estate шағын өнеркәсіптік саябағына барды.
Жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптік базалар негізінде өнеркәсіптік парктер құру және жаңа өндірістік үй-жайлар салу Алматы қаласы бойынша Жол картасына енгізілген. 300-ге жуық жобаны жүзеге асыру алматылықтарға 25 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Бұл мақсатқа барлығы 18,2 млрд. теңге бөлінді.
Мәжілісмен Артур Платонов мегаполисте шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған іс-шараларды жоғары бағалады. Мысалы, биыл жоспарланған 5 өнеркәсіптік парктің 4-еуі жұмысқа кірісті, олар – Наурызбай, Түрксіб және Алатау аудандарында орналасқан.