Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты

Ширек финалда Елена Рыбакина испаниялық Гарбинье Мугурусамен кездескен болатын. Әлемдік рейтингте 9-шы тұрған Гарбинье Мугурса қазақстандық спортшыға қарсылық таныта алмады.

Небары екі сетке созылған кездесуде Елена Рыбакина 7:5, 6:1 есебімен жеңіске жетті, -делінген хабарламада.

Токио Олимпиадасының финалына өту үшін Елена Рыбакина швейцариялық Белинда Бенчичпен кездеседі.