Саясаттанушы Nur Otan партиясының сайлаудағы жеңісінің 7 факторын атады

Саясаттанушы хабарлағандай, кандидаттардың лайықты құрамы, ұйымдастырушылық және ресурстық мүмкіндіктер, үгіт жұмыстарының ұтымдылығы, саяси көшбасшылық, кері байланыс, жұртшылықтың тұрақтылықты қалауы, мақсаты айқын, нақты істер партиясы бола білуі Nur Otan-ның сайлаудағы жеңісінің басты алғышарты болды.

Сайлау кампаниясы ауыл тұрғындарының саяси емтиханына айналды. Атап айтсақ, ауылдық жерлердегі азаматтардың саяси белсенділігінің төмендігі туралы пайымдау қате түсінік екенін өзін-өзі ұсынғандар саны (өзін-өзі ұсынғандар 63,1%, партиядан 36,9%) мен сайлауға қатысқандар статистикасы (соңғы парламент сайлауымен салыстырғанда жоғары болуы) дәлелдеп берді.

Саяси мәдениеттің артқанын көрсеткен әкімдер сайлауы партиялардағы сапалы өзгерістерді айқындап берді. Бұл науқанның арқасында көптеген партиялар ауыл мәселесіне ерекше назар аударып, жұмыстарын жандандыра түсті. Ауылдық электорат үшін күресте билеуші ​​партия жеңіске жетті. Сайлау өткен елді мекендердің 86%-де сайлаушылардың көпшілігі нұротандықтарға басымдық берді, — деп атап өтті Полетаев.

Осылайша, Nur Otan өзінің соңғы парламент сайлауындағы жетістігін бекіте түсіп, жалпыұлттық саяси күш ретіндегі мәртебесін тағы бір растады.