Ғани Бейсембаевтың айтуынша, былтырғы тәжірибені зерттей келе, биыл әдістемелік нұсқаулық хат барлық мектепке жеткізіледі.
Ең алдымен заң шеңберінде оқушылардың оқу жүктемелері қарастырылып отыр. Сондай-ақ Әліппе (Букварь) оқулықтары енгізіліп отыр. Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың оқу бағдарламаларының өзгерістері, дене шынықтыру сабақтары бағдарламасына шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі енгізіледі, — деді ол.
Сонымен бірге мектепті басқару ісіндегі директорлардың ротациясы, мұғалімдерді жұмысқа қабылдау мәселесі, мектеп пен ата-аналардың қарым-қатынасы, білімдегі олқылықтардың орнын толтыруға қатысты мәселелер қозғалып отыр.
Тәрбие саласында былтырдан іске асырылып келе жйатқан «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектептегі қарым-қатынас, инклюзия, медиация қатысты барлық мектепте күнделікті 20 минут кітап оқу мәселесі әдістемелік нұсқаулыққа енгізілді, — деді академиясының президенті Ғани Бейсембаев.