Басты бетҚоғам27-29 шілде...

27-29 шілде күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер болжамына сәйкес, аптаның басында Мәскеу аудандарынан келетін антициклон елдің көп бөлігіне әсер етеді. Салқын ауа массалары әсерінен күн салқындайды, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Ел аумағында түнде ауа температурасы салқын, ал күндіз қалыпты болады деп күтіледі. Ал республика аумағындағы ауа райы төмен қысымды алаңға байланысты өзгереді. Осылайша 28 шілдеде батыс пен шығыста, 28-29 шілдеде Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысы және оңтүстік жартысында, 29 шілдеде орталықта күн күркіреп, екпінді жел соғып, өткінші жаңбыр, сондай-ақ бұршақ жауады деп болжанды, — делінген хабарламада.

Еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасы түнде 8-16, ал күндіз 17-30 градусқа төмендейді. Орталықта және шығыста түнде 8-18 градусқа дейін, күндіз 22-30 градусқа дейін жылы болады.