Бүгін Қазақстанда ауыл әкімдерінің сайлауы басталды

Осы жаздың ең маңызды саяси оқиғасы ел аумағында таңғы 7-де басталды.

Кандидаттарды ресми тіркеу шілденің 14-інде аяқталды. Ал кеше «тыныштық күні» болды. Яғни елде қандай да бір сайлауалды үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынды.

Жалпы бүгінгі сайлауға қатысу үшін бас-аяғы 2 582 үміткер ұсынылғанын айтып кету керек. Олардың 89%-ке жуығы тіркеуден өтті.

Ресми деректерге сай, сайлауға саяси партиялар 878 адамды, ал қалғаны өзін өзі ұсынып отыр. Олардың арасынан халық 775 әкімді таңдауы тиіс. Тіркелген кандидаттардың 84%-і – ер азаматтар, қалғаны – әйелдер. Олардың орташа жасы қырықта. Жалпыға ортақ талап бойынша үміткер 25 жасқа толуы керек.

ДереккөзBaq.kz