Батыс Қазақстан облысында «нуди пати» жасағандар жазаланады

Бір жағынан өңірде короновирус індеті өршіп тұрса, екінші жағынан адамдар санасына ұятсыздық вирусы мықтап ұя салып тастаған ба дерсің. «Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді» демекші, бұған жергілікті атқарушы органдар жұмысының әлсіздігі де себеп болғаны рас. Жедел штаб отырысында облыс әкімі Ғали Есқалиев осылай деп ашығын айтты.

Көргенсіз, бейәдеп шара өткізген бір топ адам карантин талаптарын бұзып, облысты ел алдында қарабет қылды. Ұялы телефонмен түсірілген «ұятсыз» бейнежазбалар әлеуметтік желілер арқылы лезде көпшілікке тарады. Заң мен ар-ұждан нормаларын бұзғандарды қатаң жауапкершілікке тартып, жазалау керек. Өрімдей ұл-қыздарымыздың бейәдеп қылығы – дабыл қағатын мәселе. Бұл, тіпті, коронавирустан да қауіпті індет. «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер», «Қызға қырық үйден тыйым» деген бұлжымас қағидаларымыз неге сақталмайды? Осы оқиға Бәйтерек ауданында карантин талаптарының сақталуын қадағалау тиісті деңгейде еместігін көрсетті. Сол себепті аудан әкімі Марат Тоқжановқа қатаң сөгіс жариялаймын. Идеологияға жауапты аудан әкімінің орынбасарына, оспадарсыз оқиғаға жол берген ауыл әкімі мен мониторингтік топ басшысына қатысты тәртіптік шара алуды тапсырамын. Жағажайды жалға берген кәсіпкерді және жалға алғандарды қатаң жазалаған дұрыс. Демалыс күндері жағажайлар мен басқа да көпшілік тынығатын орындар жабылуға тиіс, – деді Ғали Есқалиев.

Белгілі болғаны, БҚО санэпидқадағалау басқармасы бейәдеп бастамны ұйымдастырған кәсіпкер Қайрат Дүйсекеновке 670 мың теңге көлемінде айыппұл салу жөнінде шешім шығарған.

Облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары, полковник Мерхат Аженов Бәйтеректегі бассыздыққа 150 адам қатысқанын растады.

Әкімшілік кұқықбұзушылық туралы Кодекстің 434-бабына («Ұсақ бұзақылық») сай көпшілік іс-шараға қатысқандар түгел жауапқа тартылады, – деді ол.

Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ,

Батыс Қазақстан облысы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Мемлекеттік күзет қызметінің миссиясы өзгереді

«ҚР мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы» ҚР президентінің жарлығы көпшілік талқыға шығарылды.

Такси жүргізушілеріне қойылатын талаптар өзгереді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушы мен инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» бұйрықтың жобасын әзірледі.

5 қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Биыл студенттерге арналған 26 жатақхана салынады

Елімізде 2026 жылға дейін студенттік жатақханаларда 30 мың орын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Ордабасы ауданында медициналық нысан ашылды

Ордабасы ауданының Қараспан ауылдық округіне қарасты Көлтоған елді мекенінде фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Бұл медициналық нысан 1400-ге тарта тұрғынға қызмет көрсетеді. Ауыл тұрғындарының қуанышын бөлісуге арнайы...

Түркістан облысында балаларға оңалту көмегін көрсету жақсартылуда

Түркістан облысына өңірлік бейінді денсаулық сақтау ұйымдарына ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ұлттық балаларды оңалту орталығының нейрофизиология және сурдология зертханасының меңгерушісі, невролог дәрігері Жанна Медетбекова...