Басты бет Жаңалықтар Назарбаев барша қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады

Назарбаев барша қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады

Қзақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің православие христиандарын және барша қазақстандықтарды Рождество мейрамымен құттықтады.

Бұл мереке адамдардың бойы­на сенімнің, үміттің және сүйіспен­­ші­ліктің сәулесін дарытып, дәс­­түр­лі рухани-адамгершілік құн­­­ды­лық­тардың айналасына бірік­­тіруде.

Рождество діндарлардың жү­рек­­терін ерекше қуанышқа, бақыт­­­қа және таза пейілге кенел­теді. Бұл өзара түсіністік пен мейі­рім­­ділік­тің, жақын жандарға қамқор­­­лық­­тың және көмекке зәру адам­дарға ­шынайы көңіл бөлудің уақыты.

Барлық конфессиялар өкіл­дерімен бірге православие христиандары қазақстандық қоғамдағы конфессияаралық келісімді, тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға елеулі үлес қосуда.

“Жарқын Рождество ме­рекесінде шын жүрегімнен бар­шаңызға зор денсаулық, ба­қыт, молшылық және игілік тілеймін”, – делінген Елбасының құттықтауында.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version