Еліміздегі жетекші кәсіпорындардың бірі болып табылатын Атырау мұнай өңдеу зауытының өңір экономикасындағы айрықша рөлін атап өткен М.Досмұхамбетов өндірісті жаңғыртып, көлемін ұлғайту, шығарылатын өнім түрлерін көбейтіп, сапасын арттыру бағытында кәсіпорынның алдында үлкен міндеттер тұрғанын айтты.
Сондай-ақ, аймақ басшысы «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-і қолға алған, булану алаңдарын қалпына келтіру бағытындағы ірі экологиялық жобаларды, көгалдандыру жұмыстарын толықтай, уақтылы жүзеге асыру Атырау халқы үшін аса маңызды екеніне назар аударып, зауыттың жаңа басшысына сәтті қызмет тіледі.
Өз кезегінде, Арман Қайрденов кәсіпорын жұмысының тиімділігін арттырып, өңір халқының мүддесіне қызмет етуіне бар күш-жігерін салатынын айтты.