Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство ақпаратына сәйкес, Pfizer компаниясымен 2021 жылдың төртінші тоқсанында вакцина жеткізу бойынша келісім жасалды.
2021 жылдың наурызынан бастап «Pfizer» компаниясы өкілдерімен Сovid-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинаны жеткізу мүмкіндігі туралы келіссөз басталды. Министрлік пен Pfizer компаниясының арасындағы өзара іс-қимыл шеңберінде құпиялылық туралы келісімге қол қойылды, — делінген хабарламада.
Министрлік мәміленің негізгі шарттары туралы келісімдердің талаптарын оңтайландыру бойынша Pfizer компаниясымен тұрақты негізде келіссөз жүргізіліп жатқанын хабарлады. Оның ішінде үкімет деңгейінде кеңес өткізілді.
Сонымен бірге Pfizer компаниясы вакцинаны жеткізу туралы келісім жасау үшін Қазақстан президентінің жарлығы қабылдануға тиіс екенін хабарлады.