Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 қазандағы № ҚР ДСМ-146/2020 «профилактикалық егулерді жүргізуге медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес коронавирусқа қарсы профилактикалық егулерге тұрақты және уақытша медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарға вакцинация жүргізілмейді, — делінген құжатта.
Коронавирусқа қарсы вакцинациялауға тұрақты/уақытша медициналық қарсы айғақтардың болуы туралы анықтаманы учаскелік дәрігер (ол болмаған жағдайда — фельдшер) жұмыс орнына ұсыну үшін береді.
Бұл ретте диагноз пациенттің келісімі бойынша көрсетіледі.