Басты бетҚоғамВакцинация паспортын...

Вакцинация паспортын сатып алған ер адам жансақтау бөліміне түсті

Жансақтау бөліміне түсетіндей жағдайлар бізде көп болған жоқ. Орын алған оқиға барысында науқас шынымен вакцинацияланбаған болып шықты. Ол жай ғана заңды бұзып, вакцинация паспортын сатып алған, бұл жайында оның жағдайы айтарлықтай ауыр болған кезде өзі мойындады, — деді жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бастығы Роза Қожапова.

Коронавирусқа қарсы вакцинацияланғандар арасында жұқтыру жағдайлары туралы сұраққа жауап бере отырып, маман вакцинацияланған адамдардың жұқтыру пайызы кез-келген ауруда болатынын атап өтті.

Вакцина салдырған адам барлық жағдайды салыстырып қарағанда, ауру жұқтырғанның өзінде жеңіл дәрежеде өткізеді. Біз аурудың санын бақылап отырамыз — вакцинацияланған 1 дозаның ішінде инфекцияның 1325 жағдайы, 2 дозада егілген адамдар арасында — 964 жағдай,- деді жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бастығы Роза Қожапова.

Оның айтуынша, вакцина қабылдағандардың арасында ауруханаға тек ауыр ілеспе фонға байланысты шағым айтқандар.

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі алғашқы алты айда вакцинация паспорттарын бұрмалау бойынша төрт қылмыстық іс ішкі істер органдарында болғанын хабарлаған. Алматыда екі факт, біреуі Алматы және Ақмола облыстарында анықталды. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу әлі де жалғасуда.

ДереккөзTengrinews.kz