Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауында ғылым саласын дамыту бойынша нақты тапсырмалар берген еді.
Үкіметке жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 ғалымның тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етуді, сондай-ақ, «Жас ғалым» жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін 1000 грант бөлуді тапсырамын, — деген болатын президент.
Берік Уәлидің дерегі бойынша, бүгінде аталған екі тапсырма да орындалып отыр.
Әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағлымдамадан өту үшін ғалымдарға бөлінген 500 грантты, сондай-ақ, «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдарға арналған 1 000 грантты қаржыландыру механизмдері анықталды. Ғалымдарға тағлымдамадан өтуге бөлінген 500 грантты қаржыландыру үшін 1,35 миллиард теңге көлемінде бюджеттік өтінім қабылданды, — деп жазылған президенттің баспасөз хатшысы ұсынған мәліметте.
Сондай-ақ, тағлымдамадан өту ережелері пысықталып, үміткерлерді іріктеудің талаптары әзірлені, тағылмдамадан өткісі келетін 1 000 жас ғалымның мәліметтер қоры жасақталғаны да айтылған. Ал «Жас ғалым» жобасы аясында байқауды қаржыландыруға 3 миллиард теңге бөлу мақұлданған.