2017 жылдың 30 маусымында жаңа модель таныстырылатын болып белгіленді. Маркетингтік зерттеулер 92 миллионнан астам халқы бар мемлекет үшін таза мысырлық автоны құрастыру қажеттілігі бұрыннан туындағанын айтуда.
Сарапшылардың пайымынша, көліктің бағасы расымен де, бәсекеден тыс болады. Себебі, 2016 жылдың соңында Мысыр дефолтты бастан өткерді. Жергілікті валюта — мысырлық фунт АҚШ долларымен салыстырғанда екі еседен астамға арзандады. Бұған дейін мысырлық интернет БАҚ-тар елде үндістандық Nano көлігінің клонын құрастыру ісі қолға алынатындығын хабарлаған болатын. Көлік арнайы ыстық климат үшін жасап шығарылған. Ол 30 шақырымға 1 литр бензин тұтынады, барынша жоғары жылдамдығы сағатына 90 шақырым.