Түркістанда 18 жастағы қызды психиатрлық стационарға заңсыз орналастыру дерегі тексеріліп жатыр

Полицейлер қылмыстық қудалауды қоғам белсенділерінің талабы бойынша бастады. Белсенділер 18 жастағы Маржан Тұрлыбаеваның тағдырына алаңдап отыр. Қыз әлеуметтік желілердің бірінде психикалық-неврологиялық диспансерде оны шешесінің талабы бойынша ұстап отырғанын мәлімдеген. Айтуынша, мұны шешесі қыздың мүгедектігі үшін алатын қаражатын алу мақсатында қасақана ұйымдастырған.

«Маржан шешесінің келіп көрмегенін айтып берген. Ал оның мұнда жатқанына сегіз ай болды, осыған дейін де үш жыл бойы балаларға арналған осындай мекемеде болған. Ал өзі 18 жасқа толғанда осында келді. Кәмелет жасына толғанда қаражатты өзі алуы тиіс еді», — дейді қоғам белсендісі, Түркістан тұрғыны Жәмилә Жұмабаева.

Айта кетейік, Жұмабаева алты баланы бағып отыр, бірақ Тұрлыбаеваға да көмектесіп отыр. Ол қызды аяйтынын, сондықтан сыйлықтар әкеліп тұратынын айтып берді. Ол қыздың жағдайын «Нұр Отан» партиясына да, прокуратураға да жазыпты. Ал Интернетте қыздың тағдыры қызу талқылана бастағанда дәрігерлер, шенеуніктер мен полицейлер диагнозын анықтау мақсатында тағы бір сараптама жүргізіп, қоғамға түсінік берді.

«Маржан Тұрлыбаваның Түркістандағы медициналық-әлеуметтік мекемесінде болуының заңдылығын және оның диагнозын анықтау мақсатында облыстық прокуратураның өкілдері мамандарды тарту арқылы қызбен кездесу өткізілді, оның статусының сараптамасы Түркістандағы психикалық-неврологиялық мекемеде. Сараптама қорытындысы бойынша прокурорға дәрігерлік-кеңестік комиссияның диагноздың расталуы жөніндегі қорытындысы берілді», — деп хабарланды облыстық әкімдікте өткен баспасөз қызметінде.

Психиатрлар қыздың қоғамға қауіпті екенін мәлімдеп отыр. Айтуларынша, ол бала кезінен ақылға қонымсыз тәртібімен ерекшеленген, бірнеше жыл бойы түзету мектебінде оқыған, кейін бірнеше жыл жалпы мектепте білім алған. Қыз 2010 жылдан бері облыстық психикалық-неврологиялық диспансерде есепте тұр, ол станционарға алты рет түскен. «Маржан — әдемі қыз, бірақ бұл оның сау екенін білдірмейді. Оның ауытқушылықтары бар. Оның оқуға және жұмысқа қызығушылығы жоқ. Мәселен біз оған тігінішілікті үйренуді бірнеше рет ұсындық, ол қарсы болды. Биге барғысы келеді екен. Тәрбиешілерімен бірге биге апардық. Қолымыздан келгенді жасадық. Бірақ қыз мекемеден жиі қашып кетіп жүрді, 10 рет», — дейді облыстық балалар психикалық-неврологиялық диспансерінің бас дәрігері Кәмила Ауанасова.

Оның айтуынша, қашып кетіп жүрген кезінде қыз шарап ішіп, тәрбиешілерге телефон соғатын болған, тіпті олардан ақша мен сыйлық талап еткен. «Ал қозған кезінде ең қиыны басталды. Сондай күндерде оны емханаға жатқызып жүрдік. Әрбірінде 40 күннен үш айға дейін созылатын. Бойында өлшеусіз агрессия бар. Ол өзін тежей алмайтын, балаларды ұрып-соғатын, қатыгездікпен. Оның үстіне ол шатырдан секіремін деп те қорқытатын», — деді психиатр дәрігер Шахида Нұрова.

Дәрігерлер бір ауыздан қыздың психикалық-неврологиялық мекемеде болғаны қауіпсіз дегенді айтады. Алайда түсініксіз себептермен оған белсенділермен кездесуге шектеу қойылды. Белсенділер онымен көрісе алмай, жылы киімдерін бере алмай отыр. Қыздың мүддесін қорғаушылар медициналық комиссияның шешімімен тоқтап қалмайтынын айтып отыр. Айтуларынша, енді Алматыда сараптамаша өткізуді талап еткелі отыр екен. Ал аудандық полиция бөліміндегілер сотқа дейінгі тергеу аясында Тұрлыбаеваны жағдайын анықтау мақсатында толықтай қорытындыны шығару үшін сот-психиатрлық сараптамаға жібермек.

Дереккөзtengrinews.kz