Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Асхат Раздықұлы Оралов 1990 жылы Павлодар облысында туған. Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетін бітірген.
Еңбек жолын 2011 жылы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Әлеуметтік тәрбие жұмысы департаменті жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы ретінде бастаған.
Сонымен бірге Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, «Нұр Отан» партиясының филиалында, Нұр-Cұлтанның Жастар саясаты мәселелері басқармасында, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде, Қоғамдық даму министрлігінде жұмыс істеген.
2019 жылы Павлодар облысы әкімінің орынбасары болды. 2020 жылдың шілде айынан бастап бүгінге дейін ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып қызмет атқарды.
Еске салайық, бұған дейін Асхат Ораловтың ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылғанын хабарлаған едік.